Жетісу облысында жеңіл көлік жүргізушісі жаяу адамды қағып өлтірді

4 июля 2023 г. 19:24 / Новости Казахстана

Алматы-Өскемен тас жолында ер адамды жаяу жүргінші жолағында шетелдік көлік қағып, оқиға орнында мерт қылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиғамен аяқталған жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тіркелді. Жолда келе жатқан Lexus ES 300 автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, сол жерде жантәсілім етті.

Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебі мүлдем белгісіз. Қазіргі уақытта жергілікті полицейлер оны анықтап жатыр. 

Аталған өлім дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталып кетті. Ал адам қаққан автокөлік арнайы автотұраққа қойылған. 

Бірнеше күн бұрын аталған өңірде 73 жастағы жүргуші түн ішінде Сарқанд ауданында аударылып, 34 жастағы жолаушысын өлтіріп алған еді. Сонымен қатар, Жетісу облысында көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған еді. Сондай-ақ, аталған өңірде мотоцикл жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, жазып етті. Бұдан бөлек, екі апта бұрын Талдықорған қаласының маңындағы тас жола көлік апатынан екі адам қаза тапты.

Автор
Новости партнеров