Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қару табылды

30 марта 2023 г. 21:41 / Новости Казахстана

Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған пневматикалық винтовкалар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған дерек 29 наурызда Кербұлақ ауданында анықталды. Қару тығылған орынды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған автожолының шетінен тауып алып, аудандық полицияға хабарлаған.

4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді. Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды. Қазір дерек бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге аталған полиция бөлімшесіне жіберілді, - деді өңірдің ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін қаңтар оқиғасында жоғалған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталған болатын. Сонымен бірге, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.  

Автор
Новости партнеров