ҰҚК қаңтар оқиғасында жоғалған қаруды тапты

7 июня 2023 г. 15:04 / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесе отырып қаңтар оқиғасында жоғалған қарулардың кейбір бөлігін сәуір мен мамыр айларында тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Биылғы қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар.

Нәтижесінде 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді, - деп жазылған ҰҚК-ның ресми ақпаратында. 

Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасып жатыр. 

Бұған дейін Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарулардың табылғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, наурыз айының соңында Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарудың бір легі табылған болатын. Сонымен бірге, ұрланған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталды. Бұдан бөлек,, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.  

 

Автор
Новости партнеров