Түркияға жұмысқа аттанған алматылық имам Аустриядан табылды

5 июня 2023 г. 16:29 / Новости Казахстана

Алматы облысында бас имамы болған Нұржан Манапбаевты әйелі Айсұлу Сайлаубекқызы 8 ай іздеп, Еупопадан тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Имам шетелге жұмысқа кеткеннен кейін 8 айдан кейін Аустриядан аман табылды.  Алматы облыстық мешітінде бас имам болған діни қызметкер отбасымен қауышуына «Көреміз» бағдарламасының редакциясы себепкер болған. Бұл туралы Qaz365.kz жариялады. 

Нұржан Манапбаев 2022 жылдың 9 қыркүйегінде шетелге жұмыс істеуге аттанған болатын. Алғашында отбасымен тұрақты байланысып тұрған ол 6 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткен. 

Ұзақ жылдар бойы дін саласындағы қызмет атқарған ол түрік фирмаларында жұмыс істеген. Сол компаниялардың бірі шетелге жұмысқа баратынын айтып, 2,5 миллион теңге еңбекақы алатынын жеткізген. Осылайша экс-имам әйеліне Түркияға ұшып бара жатқанын мәлімдеп, ол  алдымен Алматыдан Астанаға, сосын Әбу-Дәбиге аттанған. 

Біріккен Араб Әмірліктеріне баратанымды әуел баста білген жоқпын. Ұшаққа отырар алдында ғана билетімізді ұстатқанда айтты, –  дейді Нұржан Манапбаев. 

Кейін А.Манапбаев Әбу-Дабиден Түркияға барған. Сол жерде 2,5 ай болып, Түрік тілінен ағылшын тіліне аударма жасаумен айналысқан. Кейін Аустрияға аттанып, құрылыста жұмыс істеген. 

Қара жұмыспен айналыстық. Бір мүмкіндік болса, елге қайтуды ойладым. Бригадирлердің де мазасын алып, аванс сұрай бердім. Берген аванстарын жинайтын болдым, –  дейді Нұржан Манапбаев.

Әйелі Айсұлудың айтуынша, экс-имамды жұмысқа шақырған компания басшылығы кетем деген кезде бопсалап қорқытқан. Егер қашатын болса, барлық ақшаны мойнына ілетінін айтқан. Ал Нұржанның өзі есімін толық айтпады. Тек «өз қателігім мен сенгенімнің арқасында зардап шектім» деп шектелді.

Оның Аустриядағы құрылыс басынан қашып шығуына сығандардың келуі себеп болған. Сол уақытта жұмысқа жаңадан сығандар тартылған. Олардың аяқтарына киетін резеңке етіктері жетіспей, Нұржанды жіберген. Құжатын қолына ұстатқан соң, миграцияға бірден барған. Ал миграциялық полиция оған бірден Қазақстаннан іздеп жатқанын мәлімдеген. Ең соңында ол Аустриядан Грузия арқылы елге оралды. 

Имам болған Нұржан Манапбаев мамындығы бойынша заңгер, тарихшы.1984 жылы Алматы облысында келген. Ағылшын, түрік, араб тілдерін жетік меңгерген. Қарасай батыр мешітінің бас имамы, Павлодардағы облыстық мешіттің наиб имамы, Алматы облысының өкіл имамы болған.

Автор
Новости партнеров