"Титаникті" көруге кеткен 5 саяхатшы мұхит түбінде жоғалып кетті

21 июня 2023 г. 22:44 / Новости Казахстана

Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жоғалып кеткен сүңгуір қайықты құтқарушылар 4 күннен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Сүңгуір қайыр бортында Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістан азаматтарынан құралған 5 адам мінген шағын «Титан» (Titan Sub) қайығы Солтүстік Атлантикадағы суға батқан «Титаник» кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке сүңгіп кеткен.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Titan Sub – Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты аппараты саналады. Салмағы – 10 тонна, ұзындығы – 6,7 метрды құрайды. Сыйымдылығы бес адаммен шектелетін аппарат 96 сағатқа тереңдікке бойлай алатын мүмкіндікке ие. 

Қазір Американың қарулы күштері Канада мен Франциядан келген әріптестерінің қолдауымен құтқару операциясына қатысып жатыр. Іздеу жұмыстары кезінде гидролокатордың жекелеген дыбыстарды анықтағаны белгілі болды. Биліктің бағалауы бойынша, сәрсенбі күні таңертең кемеде шамамен 30 сағаттық оттегі қалған көрінеді. 

Автор
Новости партнеров