ШҚО-да жарылыстан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

23 июня 2023 г. 22:57 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Кеше өңірдегі  Шемонаиха қаласында газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарыстан 2 адамды күйік шалған еді. Сол күні кешке қарай жарылыстан тағы екі азаматтың зардап шеккені белгілі болды.

Өңір әкімі Ермек Көшербаев зардап шеккен 4 адамға барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ аудандық ауруханаға облыстың бас дәрігері Гүлмира Загидуллина да барды. Қазір құзырлы органдар өрттің себептерін анықтап жатыр. Төтенше жағдай орнына ШҚО Полиция департаментінің бастығы мен тергеушілер, менің орынбасарым Дархан Сапанов және Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов барды, - деді әкім. 

ШҚО әкімінің сөзінше, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілу көзделген. 

Өңірдегі осыған ұқсас объектілерде мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу керек. Сол үшін тексеру жүргізіліп, соның нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз, - дейді Е.Көшербаев.

 

Автор
Новости партнеров