Серік Күдебаевтың елден қашу кезінде шекара бекетінен өтпегені анықталды
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өтпегені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі С.Күдебаевқа қатысты ақпаратты жариядады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды. Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - деп жазылды ҰҚК шекара қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Алматы облыстық ПД басшысы болған Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы бой тасағаланы белгілі болды. Халықаралық іздеу жариялаған ол Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.