Семейде жоғалып табылған жасөспірім арнайы тізімге алынды

22 июня 2023 г. 18:37 / Новости Казахстана

Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді екі тәуліктен астам іздеп тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

21 маусым криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 19 маусымда сағат 15:00-де үйден белгісіз бағытта шығып, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Александра Юрченконың тұрған жерін анықтады. 

Жасөспірімді іздеуге 70-тен астам полиция қызметкері 2 күн жасөспірімнің айналасы мен жақын ортасын тексерді. 20 маусымнан бастап Семей гарнизонының барлық жеке құрамы дабыл қағып, жоғалған қызды іздеуге бағытталды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Қыз бала алыс аудандағы таныстарынан табылды. Үйінен бірінші рет кетуі емес екені белгілі болды. Қазір қыз ата-анасына берілді, оның мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қарамақ.  Сонымен қатар үйден бірнеше рет кеткені үшін жасөспірім ІІО-да панасыз қалғаны үшін есепте алынады. 

Автор
Новости партнеров