"Сәпиевті алып соққан спортшыны оқудан шығарды". Batyrball ойынындағы жанжалдың шуы басылмай тұр
Batyrball ойынында Серік Сәпиевті алаңда алып соққан Зелимхан Мусихановты оқудан шығарып жіберді деген дерекке ол оқитын оқу орны пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Жас спортшыға қатысты деректі белгілі спортшы Аида Сатыбалдинова әлеуметтік желіде айтты. Ол балуан Зелимхан Мусихановты өзі оқитын колледжден шығарылғанын хабарлады.
Алайда Сәпиевті ойын кезінде алып соққан балуан оқып жатқан Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжі өкілі аталған жағдайды жоққа шығарды.
Оның айтуынша, Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжінің студенті Зелімхан Мұсихановтың оқудан шығару туралы ешқандай мәселе туындамаған көрінеді.
"Зелимхан оқудан шығарылған жоқ. Оған қатысты оқу орнында ешқандай мәселе туындамады. Қазі ол біздің оқу орнының 3 курс студенті. Болашақ мамандығы - дене тәрбиесі мұғалімі. Қазір іс-тәжірибеден өтіп жатыр", - деді колледж өкілі massaget.kz-ке білдірген пікірінде.
Бұған дейін Batyrball ойыны кезінде Серік Сәпиевті Зелимхан Мусиханов алып соғып, соңынан жанжал туындаған еді. Кейін Сәпиев ойын кезіндегі жағдайға түсініктеме беріп, соңынан алып соққа балуан мен оның бапкері кешірім сұраған еді. Бұдан бөлек "Сәпиевті танымадым" деген З.Мусихановтың сөзінен соң еліміздегі көптеген спортшылар Олимпиада чемпионына жаппай қолдау білдірген болатын.
Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылғаны туралы ақпарат тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram