Қызылорда облысында киік атқан қала тұрғыны ұсталды
Қызылордада киік жануарын атқан қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде 6 киікке ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды. ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамалды, - деді КПБ-ның аға жедел уәкілі Даулет Жалмағамбетов.
Бұған дейін Қызылорда облысында 26 киік атқан өңір тұрғыны ұсталған еді. Арал аудандық Полиция басқармасы және "Охотзоопром" мекемесілері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 киік мүйізін шаруашылық құрылыста жасырғаны анықталды.