Қазақстандық алты олигарх Forbes тізіміне енді
Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингіне енген қазақстандық бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Forbes нұсқасында ең бай қазақстандықтардың көшін Владимир Ким бастады. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған. Әлемдік рейтингінде 591-ші сатыға тұрақтап отыр. .
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы бұл көрсеткіш бойынша 636-орынла тұр. Тимур мен Динара Құлыбаевтардың әрқайсының байлығы 4,3 миллиард АҚШ долларын құрады.
Forbes тізімінде Вячеслав Ким 787-орынға орнығып, байлағы 3,6 миллиард долларға бағаланды. Аса дәулетті қазақстандықтардың тізімінде Тимур Турлов та бар. 3,1 миллиард доллардың иесі әлем бойынша 949-орында тұр.
Тізімнің 1104-ші орнында тұрған Болат Өтемұратовтың жинаған дүниесі 2,7 миллиард долларға бағаланған.
Arbat.media бұған дейін әлемнің ең бай адамдары туралы жазды. Бұған дейін көш басында тұрған Илон Маск екінші сатыға түсіп, оның орнына Бернар Арно тұрақтады.