Қарағандыда эвакуатор жүргізушісі жол үстінде адамды қағып өлтірді

29 марта 2023 г. 20:07 / Новости Казахстана

Қарағандыда автобус аялдамаларының бірінің маңында белгісіз экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.  

Жол апаты салдарынан 62 жастағы әйел адам оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болған. Ал оны қағып кеткен жүргізуші ізін суытып үлгерген.

Аталған дерек бойынша қалалық ПБ-ның барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Новости партнеров