Қарағандыда борышкер әкелер 1,7 теңге көлемінде тиісті алимент төлемеген

14 июня 2023 г. 16:57 / Новости Казахстана

Қарағанды облысы бойынша әкелердің төлемей жүрген алимент бойынша берешегі 1,7 млрд теңге құрады, деп хабарлайды Arbat.media

Облыс прокуроры өңірде 22 мың баланың пайдасына 1,7 млрд теңгеден асқан  алименттік берешек барын мәлімдеді. 

Қадағалау оырндары алимент төлемей жүрген 86 борышкер әкеге электрондық әмияндардан, букмекерлік компаниялардан, бағалы қағаздар биржаларынан және такси қызметтерінен түсетін жасырын кірістер бар екенін айқындаған. 

Прокурорлар сот орындаушыларының әрекетсіздігі салдарынан өндіріп алынбаған 28 мүлік нысанын, 300-ден астам мал басын және 22 бірлік арнайы техниканы анықтағанын атады. 

Мұның бәрі 89% жағдайда мүлікті иеліктен шығаруға әкеліп отыр. Енді облыс прокуратурасы Әділет министрінің атына қадағалау актісін жолдап, қасақана борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетінін атады. 

 

 

Автор
Новости партнеров