Оралов, Қуантыров пен Есқараев министр қызметін сақтап қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт, Әділет министрлері қайта тағайындалды.
Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына, Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына, Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деді Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Мәжіліс Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады. Сонымен бірге, премьер-министрдің орынбасарлары, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлері тағайындалған болатын.