Нығматулиндер соттатқан Балқаш тұрғынына қатысты іс толығымен тоқтатылды

17 февраля 2023 г. 17:44 / Новости Казахстана

2012 жылы Нығматулиндер соттатты деген балқаштық Қуат Сұлтанбековке қатысты қылмыстық іс біржола тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Malim.kz-тің жазуынша, Нығматулиндермен арадағы кикілжіңдерден кейін 21 жыл ға сотталып кеткен кәсіпкер Қуат Сұлтанбековке тағылған айыптардың барлығының жалған екені дәлелденіп отыр. Еліміздің Жоғарғы Соты 10 жыл бойы түрмеде отырған балқаштық азаматқа  қатысты үкімнің күшін жойған. Ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады. 

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының 2012 жылғы 25 мамырдағы үкімін, Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 10 шілдедегі қаулысын, облыстық сотқа қарайтын кассациялық сот алқасының Сұлтанбековке қатысты 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысының күшін біржола жойды. 

Енді қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, Сұлтанбековке істі  жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген моральдық шығын өтелетін болды.  Қаулыда Сұлтанбековтің 2012 жылғы 27 қаңтарда Алматы-Екатеринбург автожолының 1073-ші шақырымында ұсталғаны айтылады. Полицейлер одан атыс қаруын тапқанын айтқан. Ұсталған сәтте, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеу және басты сот талқылауы барысында Сұлтанбеков оқталған тапаншаны полиция қызметкерлері лақтырып жіберді деп мәлімдеді.       

Сондай-ақ қаулыда Сұлтанбековтың жеке тексеру хаттамасында ол ұстаған заттарды тексеру қара түсті тапаншаға ұқсас зат табылғаны және тәркіленгені  мәлім болды.  Мылтық ақ түсті картон қорапқа салынған, оған куәгерлер қол қойды, Сұлтанбеков қол қоюдан бас тартты. Тексеру барысында Panasonic бейнекамерасына жазба түсірілді. Іс материалдарынан тексеру хаттамасының бейнежазбасы жоқ, өйткені бейнекамера ақаулы күйде болған», - деп жазылған.  Сотта куәгерлерден  жауап алынған.

А.Борисов пен А.Ахметов "Заттай дәлелдемелерді қарау кезінде іс жүргізу әрекеттері  бұзылғанын" жеткізді. Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша, Сұлтанбековке қатысты бұрынғы сот актілерінің күші жойылады,- деп түсіндірді Жоғарғы Сот.

Өткен жылдың шілдесінде Жоғарғы сот тергеу жүргізген.  Жәбірленушілер мен куәгерлер өздерінің дене жарақатын басқа адамдар салғанын мәлімдеді. Яғни, Сұлтанбековке тағылған айыптар  жалған болып шыққаны анықталды.  

2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған кикілжіңнен кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға сотталып, 10 жылын отырып шыққан. БАҚ-та Нығматулиндердің Сұлтанбековқа тиесілі демалыс айлағын рейдерлікпен тартып алғандығы жөнінде ақпарат жазылған еді. 

Бұл іс бойынша Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Мәселе Сұлтанбековке тиесілі демалыс аймағына қатысты. Кәсіпкердің адвокаты мен іскердің ресми өкілдерінің айтуынша, олар Нығматулиндер тарапынан рейдерлік басып алуға ұшыраған», - деген болатын елордалық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.

Қуат Сұлтанбеков пен Нығматулиндер арасындағы кикілжің 2011 жылы басталғаны айтылады. Сол уақытта Сұлтанбеков қаладағы жемқорлық мәселесін көтере басталған көрінеді. Кейіннен Балқаш прокуратурасы қаланы абаттандыруға жарияланған тендердің өрескел қателіктермен өткенін, облыстың қаржы полициясы мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаржының талан-таражға түскенін анықтаған.

 

 
 

Автор
Новости партнеров