Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

1 июня 2023 г. 17:11 / Новости Казахстана

Президенттің ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы жарлығына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекеттік күзет қызметінің басты міндететрі қатарынан ҚР тұңғыш президенті - елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталатын болды. Бұл туралы мәлімет Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп жазылған жаңа редакцияда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетіліп отыр.

Сондай-ақ, аталған Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқыланбақ. Содан кейін қол қою үшін Президентке жолданатын болады. 

Автор
Новости партнеров