Маңғыстау облысында бір мектепті 2 түлек қана бітірді

1 июня 2023 г. 19:16 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысында ауыл мектебіне 11-сыныпты екі оқушы ғана бітірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бейнеу ауданындағы Сарға ауылындағы мектеп-интернатты екі оқушы қыз бітірді. Аталған білім ордасында жүзден астам оқушы оқиды. Алайда көбі 9-сыныптан кейін колледжге кетіп қалған. 

Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатынан 2 түлек бітірді. Былтыр осы сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған еді.  Алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалды. Себебі, дене тәрбиесі секілді сабақтар ер балалар үшін қызықсыз болды. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның 50-і  интернатта жатады. Оқушыларға 29 мұғалім сабақ береді. Бізде 11 сыныпқа дейін оқушылар іріктеліп, тек екеуі ғана қалды. Көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсті, - дейді мғалім Айса Сағындықов. 

Ол бір сыныпта екі оқушының оқутуда бәсеке атаулы мүлдем болмайтынын айтып отыр. Ал биыл мектеп бітірген қос түлек алда ҰБТ-ға қатысуды көздеп отырған жоқ екен.

Бейнеу ауданындағы Сарға ауылында негізінен екі мектеп бар. Оның бірі Ә.Жангелдин атындағы білім ордасы болса, екіншісі Бейнеу мектеп-интернаты. Алғашқысында 350-ден астам оқушы білім алады. Ал интернатта оқушылар саны шектеулі көрінеді.  

Биыл Маңғыстау облысы бойынша 14 500 оқущы 9-сыныпты бітірсе,  11-сыныпты 7439 оқушы бітірді. Сонымен қатар, 
облыстағы Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы №7 мектепті 117 түлек бітірген. Бұл Маңғыстау бойынша ең көп түлек бітірген мектеп болып отыр. 

Автор
Новости партнеров