Көкшетауда кран құлап адам өлімі тіркелді

5 апреля 2023 г. 21:18 / Новости Казахстана

Ақмола облысында құрылыс аумағында көтергіш кран құлап, адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 5 сәуір сағат түс мезгілінде Көкшетау қаласында болған. 

ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Осы дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,  деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, екі ресейлік оқиға орнында өмірден өтті. Сонымен қатар, Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Автор
Новости партнеров