Болат Назарбаев "Барыс" автобазарынан біржола айырылды
Болат Назарбаев «Барыс» автотұрағы орналасқан жерден түбегейлі айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған автотұрақты мемлекетке қайтару туралы сот шешімі өз күшінде қалды. . Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін арызданушы тарап азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағым түсірген еді.
Еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автотұрағы орналасқан 37,6 гектар аумағы 2004 жылдан 2019 жылға дейін жеке меншікте болған. Жер учаскелерін сатып алу-сатудың жеті шарты жасалған еді.
2023 жылдың наурыз айында Қарасай ауданының прокуратурасы бұл мәмілелерді жарамсыз деп тануды талап етіп, сот материалдарды зерттеп, қадағалау органының талабын қанағаттандырды. Жауапкер сот шешімімен келіспей, қанағаттандырылмаған апелляциялық шағым берген болатын.