Астанада қоян қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді
Астанада 16-18 маусым күндері ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, жарыс «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бойынша өтпек. Әлем чемпионатына 30 елден 300-ден астам спортшы қатысады. Оның ішінде Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Таиланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан елдерінің құрамалары сынға түседі.
Аталған дүбірлі дода Астанадағы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Бұған дейін Астанада күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты өткен болатын. Сондай-ақ, пара дзюдо бойынша сары құрлық біріншілігі де елордада өтті.