Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлын жала жабу дерегі бойынша тергеуі мүмкін
Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының сот барысында өзін қысымға алып, жеке мүлкін өзгенің атына ауыстыру туралы ұсыныс туралы айтқан бейнежазбасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнежазба жария болды. Ал бұл жайды Антикор қызметі шындыққа сәйкес келмейтінін айтып отыр.
Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді. Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді. Қазіргі уақытта "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды, - деп жазылған Антикор таратқан мәліметте.
Антикор дерегі бойынша Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берген көрінеді. Сонымен қатар, жала жабу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе қазір талқынанып жатса керек.