Антикор 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтарды - Тоқаев

5 апреля 2023 г. 18:00 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, алдағы кезеңге арналған бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы өткен кеңес кезінде жаңадан тағайындалған төраға Асхат Жұмағалиды таныстырған. 

Жиын барысында Қ.Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру керектігін атады. 

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алды. Бұл – оң нәтиже. Бірақ сонымен қатар бұл өткен кезеңдерде жемқорлық қаншалықты белең алғанын көрсетеді.  Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы.  Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін аталған агенттікті басқарған Олжас Бектенов президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Мұрат Нұртілеу Премьер-министрдің орынбасары  –  Сыртқы істер министрі лауазымына бекітілді

Автор
Новости партнеров