Алматы-Өскемен бағытындағы тасжолда үш адам бақилық болды

28 марта 2023 г. 1:23 / Новости Казахстана

Жетісу облысының Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

27 наурызда Жетісу облысының Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады.

Kia Rio көлігін 40 жастағы әйел басқарса, ал Toyota Camry көлігінде 39 жастағы ер адам болған.

Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соғылды. Жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. ЖКО-да үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады, - деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Автор
Новости партнеров