Placeholder
Новости Казахстана25 мая 2023, 22:55

Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанды ұтты. 

Бірінші партияда Путинцева қос брейкке қол жеткізді - 6:2. Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасады. Дегенмен Юлия бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:1.

1 сағат 15 минутқа созылған кездесуде Юлия 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін рейтингте 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риерамен кездеседі.

Бұған дейін Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шыққаны белгілі болған еді

Юлия Путинцева Марокко Теннис

Новости по теме