Новости Казахстана26 сентября 2023, 16:50

Ұлттық экономика министрінің экс-орынбасары 5 жылға сотталды

Медеу ауданының №2 сотында Ұлттық экономика экс-вице-министрі Ілияс Өсеровке (Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары), Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа және Алматы қаласы Қаржы басқармасының экс-басшысы Айнұр Құдайбергеноваға қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ҰҚКД орынбасары алдау жолымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ө. және Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ. арқылы сот үкімі бойынша тәркіленген 5 мүлік нысанын көрінеу төмендетілген бағамен иеленген», – деп мәлім етті қалалық соттан.

Айыпталушылар кінәсін мойындап, соттан ақтау сұрады.⠀Олардың кінәсі іс бойынша жиналған айғақтар, куәгерлердің жауаптары, сот сараптамаларының және аудиторлық қорытынды арқылы дәлелденді.

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі атағынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылу кесілді;
  • Ұлттық экономика экс-вице-министрі Ілияс Өсеровке – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру кесілді;
  • Алматы қаласы Қаржы басқармасының бұрынғы басшысы Айнұр Құдайбергеноваға – мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру кесілді.

«Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды – сотталушыларда соттылықтың жоқтығын, кәмелетке толмаған және кішкентай балаларының болуын, сондай-ақ бір сотталушы М.-нің (Т.Мұқановтің) залалды өтеуін ескерді», – деп атап өтті қалалық соттан.

Сотталғандар жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұлттық экономика министрі Сотталу Сот үкімі Алматы

Новости по теме