Placeholder
Новости Казахстана13 марта 2023, 16:50

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша,  Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды. Жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни “электронды казино” ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен. Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазды ІІМ баспасөз қызметі. 

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілу үстінде. 

 

 

Түркістан облысы Қоғам Ойын бизнесі Заңсыздық

Новости по теме