Placeholder
Новости Казахстана22 июня 2023, 14:51

Түркістан облысында 170 әкім жайылымдық жерге қатысты жауапқа тартылды

Түркістан облысында прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 5 млн теңгеге айыппұл салған, деп хабарлайды Arbat.media.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазғаны белгілі болды.  Соның нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған көрінеді. 

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендегені анықталды. 

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан мәліметте. 

 

Түркістан облысы Жайылымдық жер Әкім

Новости по теме