Placeholder
Новости Казахстана7 июня 2023, 17:09

Тоқаев президент іс басқармасы басшысының жаңа орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президент іс басқарушысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, лауазымдық қызметке Абай Алтай кіріскен.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазылған Ақорда хабарламасында. 

Сонымен қатар, бұған дейін аталған қызметті атқарған Маржан президент өкімімен лауазымынан босатылып отыр. 

Президент іс басқармасы Қасым-Жомарт Тоқаев Тағайындау

Новости по теме