Placeholder
Новости Казахстана5 июня 2023, 13:25

Таиланда жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық турист қайтыс болды

Таиландқа демалуға барып, демалыс орындарының бірінде суға кете жазған 24 жастағы қазақстандық Артур Ысқақов жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз суға  түсу кезінде сүйіктісін құтқарамын деп батып кете жаздаған. Алайда оны дәрігерлер аман алып қала алмады. Оның туған әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, інісінің бақилық болғанын мәлімдеді.

Елдің Пхукет қаласында демалып жүрген қазақстандық туристер тыйым салынған шектеу аймағынан асып кетіп, нәтижесінде суға батып кете жаздаған болатын. Оларды биік толқындар жағалаудан алысқа алып кетіп, құтқару қызметі судан алып шыққан еді. Кейін оған жасанды дем бергенімен ол есін жимады. Осыдан кейін отандасымызды құтқарушылар дәрігерлерге табыстады. 

Қазақстан турист өлім

Новости по теме