Новости Казахстана8 июня 2023, 13:56

Шымкентте аптап ыстықтан тұрғындар ауруханаға түсіп жатыр

Шымкентте күннің күрт ысуынан тұрғындар ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Күн ысыған кезде асқынатын аурулар бар. Мысалы, артериялық қан қысымы, жүректің шамасыздығы, жүйке жүйесімен ауыратын адамдар, терісінде проблемасы барлар. Күннің тікелей адамға тиюіне байланысты аурулар асқынады. Мүмкіндігінше сыртқа шықпаған дұрыс. Шыққан күннің өзінде көлеңкемен, желдеткіші бар көлікпен жүру керек,-деді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің басшысы Қуаныш Лекеров.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында аптап ыстық алда тағы жалғаспақ. Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 маусым күні қалада 36-38 градус ыстық болатыны айтылды. Ал 9 маусым ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, 10 маусым ғана ыстық қайтады деп отыр. 

Шымкент Ыстық Емхана

Новости по теме