Placeholder
Скриншот видео
Новости Казахстана27 июня 2023, 22:07

Қызылорда облысында ақша бопсалаған бір топ әйел анықталды

Қызылорда облысында жалған аккаунт арқылы ер азаматтармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған бір топ әйел ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияға ер азамат арызданып, сәуір айынан бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін жеткізген. 

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұрағаны белгілі болды. 

Бопсалаушылардан 8 адам жапа шекті. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді. ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр, - деді ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай бойынша Тараз қаласынад ақша бопсалаған бір топ құрықталған еді. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қызылорда облысы Қоғам Ақша бопсалау

Новости по теме