Placeholder
Новости Казахстана13 сентября 2023, 10:20

Қызды зорлап, өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейін бопсалаған жігітке сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облысы сотында зорлау фактісімен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы кәмелетке  толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алып, содан кейін оны жарияламау үшін ақша бопсалаған. 

Кейіннен порнография материалын әлеужеліге заңсыз таратқан. Қыз арланып, өзіне қол жұмсаған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен, 58-бабының 3-бөлігіне сай 7 жыл 6 айға сотталып,  оған екі жыл түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Түркістан облысы Зорлық Ақша бопсалау Сот үкімі

Новости по теме