Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 22:34

Қазақстанда қанша шипажай жұмыс істейді?

Қазақстан бойынша 172 санаторлы-курорттық ұйым тіркелген, деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде екі жүзге жуық санаторлы-курорттық ұйым бары анықталған. Оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер еніп отыр.

Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3 нысан бар.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.

Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы алғашқы орында тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысында 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облыстарының әрқайсында 11 демалыс орнынан бар.

2022 жылы шипажайларда 380 мың адам демалса, оның 60 пайызы әйелдер құраған. 

Курорт Түркістан облысы Статистика

Новости по теме