Placeholder
Новости Казахстана6 апреля 2023, 15:13

Қарағандыда теріс ойын іске асырмақ болған педофил ұсталды

Қарағанды қаласында аулада ойнап жүрген кішкентай балаларға тиіскен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media. 

Жан түршігерлік оқиға 2 сәуір күні қаладағы Әлихан Бөкейхан ауданындағы аулалардың бірінде орын алды. 

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті Майқұдықтағы көпқабатты үйдің тұрғындары балаларға тиісіп, қызығып қарап жүрген күдікті ер адамды байқаған соң бірден қоңырау шалғанын мәлімдеді. Оқиға орнына келген полиция күдіктіні бірден ұстаған. 

"Полиция бөліміне белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында балаларға тиіскені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түспек болған ер адам анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдіктіні ұстады", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.   

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталу" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Дерек бойынша сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Қарағанды полиция педофил Қоғам

Новости по теме