Placeholder
Новости Казахстана6 января 2023, 15:00

Қаңтар оқиғасында лаңкестер мен содырларды қару ғана тоқтатты - Еділ Жаңбыршин

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда қаруланған лаңкестер мен содырлар күштік құрылым өкілдеріне шабуыл жасаған. Бұл туралы Үкіметтің Мәжіліспен бірлескен отырысында депутат Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтар оқиғасына бір жыл толуына орай Мәжілісте жалпы отырыс өтіп, онда Үкімет мүшелері мен күштік құрылым басшылары атқарылған істер туралы баяндады. Депутаттар арасынан сөз алған Еділ Жаңбыршин Алматыдағы оқиғада содырлар мен лаңкестер болғанын мысалға келтірді.

5 қаңтардан бастап Алматы мен Астанада, бүкіл Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, одан кейін антитеррорлық операция жүргізілді. Өйткені содырлар мен лаңкестер қарусыз жауынгерлерді жарақаттап, өлтіре бастады. Стратегиялық нысандарға қарулардар оқ атып, шабуыл жасады. Кейбір қалаларда әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып кірді. Құқық қорғау органдары қорғаныс ұрысына кірісті. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында президент мұздай қаруланған қаскөйлерді ескертусіз атуға кеңес берді. Бұл өз кезегінде лаңкестерге психологиялық жағынан үлкен соққы болғаны даусыз. Бас прокурор айтқандай қаскөйлерге қарсы қару қолдану президент тапсырмасына дейін басталып кеткен болатын. Мемлекет басшысына бұл оңай шешім болмағаны анық. Қарулы қанішерді сол кезде сөзбен, сойылмен тоқтату мүмкін болмады, - деді Е.Жаңбыршин.

Ол бейбіт халықтың оққа ұшқанын айта келе, қару қолдану митинг басталған Маңғыстауда, орталық және солтүстік облыстарда неліктен болмағанын тізбеледі.

Өкінішке қарай бейбіт тұрғындар да, жауынгерлер де оққа ұшты. Қандай да бір әңгіменің логикасы болуы керек. Егер президент бейбіт халыққа қару қолдансын десе қаңтар оқиғасын бастаған Маңғыстау халқына неге оқ атылмады? Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Шетпе, Жетібай және басқа да өңірдегі елдімекендердің тұрғындары жетінші қаңтарға дейін көшеде тұрды. Неге көшеге шыққан Қостанай, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды тұрғындарына күштік құрылымдар қару қолданбады? Яғни, бейбіт халыққа қару қолдану туралы жалған ақпараттар ешқандай логикаға келмейді, - деді ол.

Мәжілісте өткен жиынынан кейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов екенін атады. Ал оның бірінші орынбасары болған Самат Әбіштің оқиғаның куәгері деп қысқа қайырды.

Еділ Жаңбыршин Қаңтар оқиғасы Қару қолдану Содырлар

Новости по теме