Placeholder
Новости Казахстана10 июля 2023, 23:02

Президент сайлауынан кейін Шавкат Мирзиеевті Назарбаев құттықтады

Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Шавкат Мирзиеевті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтағаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елдің президенті Шавкат Мирзиеевтің фейсбуктегі ресми парақшасында жазба жарияланды.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында телефон арқылы сөйлесу өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысын қарсаңында елімізде өткен мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен жылы құттықтады, - деп жазылған. 

Бұған дейін Өзбекстан президентін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия, Ресей басшылары сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

 

 

Шавкат Мирзиеев Назарбаев

Новости по теме