Placeholder
Новости Казахстана12 января 2023, 19:57

"Павлодардың көне атауы - Тұзқала!" - Қонаевтың мұрағаттағы сұхбаты жарияланды

Бүгін Қазақстанды КСРО дәуірінде ширек ғасырдан астам басқарған Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толды. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің еліміздегі жер-су атауына қатысты сұхбаты жария болды, деп хабарлайды Arbat.media

Кеңес одағы тарамай тұрған кезде Д.Қонаев өз сұхбатында Горбачевтің Қазақстанның бес облысы Ресейдің жері деген пікіріне  өз ойын ашық білдірген.

Ол ана Горбачевтың сөзі. Менің ойымша, оның бәрі сандырақтаған сөз. Оның айтқан облыстарының барлығы Қазақстанның солтүстік облыстары. Ол біздің ата бабамыздың. қазақтың өз жері. Ал енді оған біздің тарихшыларымыз баға беріп көрсетуі керек Қазақстанның жері екенін. Мәселен, Петропавлды қазақ Қызылжар деп айтады. Ал Павлодарды Кереку деп айтады. Енді шынын айтқанда ол Кереку де емес. Онда бұрын орыстың саудагері болған Карякин деген. Карякиннің магазинына тауарды алуға Павлодардың қазақтары барғанда «Мына Карякинга барайық, керек нәрсе сатып алайық магазинына барып» дейтін. Сондықтан Карякин Кереку болып кеткен. Ал шынын айтқанда оның аты Тұзқала. Ол да қазақтың өз жері, - дейді Д.Қонаев. 

Дінмұхамед Қонаев Ақмоланы неліктен Целиноград деп атағандықтарына да жауап беруді ұмытпайды. Айтуынша, ондай бұйрықты Хрущев берген көрінеді. 

Өздеріңе белгілі Хрущевтың бұйрығы бойынша Ақмоланы Целиноград деп атадық. Ол да Қазақстанның өз жері. Бүның бәрін қысып айтқанда, Горбачевтың айтқаны сандырақтаған сөз. Тарихты білмегені үшін, өз елінде не болып жатқанын білмей айтылып жатқан сөзі. Оның бәрі еліміздің, қазақтың өз жері, ата бабамыздың жерлері. Оны өйтіп сөйлеуге болмайды. Мен оның айтқанына көнбеймін. Оған қарсымын, - дейді Д.Қонаев. 

Көзі тірісінде солтүстіктегі облыстардың нақты кімге тиесілі екенін ашық айтқан қайраткер Михаил Горбачевтің теріс пиғылына дөп жауап берген.. Содан бері отыз жылдан астам уақыт өтсе де аталған мәселе ресейлік саясаткерлерді аузынан арагідік айтылып қалады. Бұған дейін РФ басты арналарының эфирінде бірнеше рет саясаттанушылар еліміздің солтүстігінде төрт облыстың түп иесі өздері екенін айтып, қазақ қоғамының наразылығын тудырған еді. 

 

Дінмұхамед Ахметов Солтүстіктегі облыстар Қоғам Қазақстан

Новости по теме