Новости Казахстана25 мая 2023, 16:41

Оқу-ағарту министрі мектептерде ерте кітап тапсыруға байланысты жауаптыларға шара қолданылатынын атады

Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылы аяқталмай мектептерде оқушылардың кітап өткізіп жатқанына байланысты шара қолданылатынын атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Нақты қай мектептің оқушылары кітап тапсырып, демалысқа ерте шығып жатқанын анықтау керек. Кейін ол мектепке қатысты шара қабылданады, - деді министр Ғ.Бисембаев.

Оқу-ағарту министрі қандай шара қолданылатынын нақты атаған жоқ. Кеше еліміздің көптеген білім ошақтарында мектеп оқушыларының мерзімінен бұрын оқулықтарды кітапханаға өткізіп жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаты, бұрын Оқу-ағарту министрі лауазымын атқарған Асхат Аймағамбетов оқушылардың кезекті жазғы демалысқа уақытынан бұрын шығуына қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп, пікір білдірген еді. 

 

Ғани Бисембаев Мектеп Шара

Новости по теме