Placeholder
Новости Казахстана2 марта 2023, 23:23

Назарбаев кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқарады

Еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне бөлінетін қаржы көлемі 130 миллион теңгеге қысқарады, деп хабарлайд Arbat.media.

Еліміздің Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін экс-президент кеңсесіне қарастырылған қаражаттың қысқаратынын атады. 

Нақтыланған бюджет бойынша ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінен шамамен 130 миллион теңгені қысқартамыз. Қаражат 1-1,5 миллиард теңгесі көлемінде бөлінген. Енді сол сомадан 130 миллион теңгені аламыз. Бұл тек осы жылы ғана алынады, - деді Дәурен Темірбеков

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңға қол қойды. Осылайша Назарбаевтың Елбасы статусы толығымен күшін жойды

Назарбаев Кеңсе Қысқарту Қаржы

Новости по теме