Placeholder
Новости Казахстана20 марта 2023, 16:11

Мұхтар Тайжан сайлау нәтижелерін жоюды талап етті

Белгілі экономист, кәсіпкер және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер болған Мұхтар Тайжан сайлау нәтижесін жоюды талап етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Сайлау қорытындысына қанағаттанбаған М.Тайжан Алматы қалалың әкімшілік сотына шағым түсіргенін жеткізді. 

Біз, бірнеше тәуелсіз кандидатпыз, сағат 21.50 Алматының адм сотына барып мынау сайлау әділетсіз деп атауға талап етіп арыз тапсырдық. Қолымыздан келетін әзірше осы. Ертең баспасөз маслихат өткіземіз, – деп жазды Facebook-тегі парақшасында.

Мәжіліс депутаттығына кандидат өзін "Назарбаевтың ескі жүйесіне қатысы жоқ" тәжірибелі саясаткер ретінде атаған. 

Тайжан Мәжіліске өтіп, бірінші кезекте жаңа Конституцияны қабылдауды, қаңтар айындағы оқиғаларды адал және ашық тергеуді бастауды, сондай-ақ саяси тұтқындарды босатуды жоспарлағанын бұған дейін бірнеше рет айтқан еді. 

 Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беруге қатысты. Бұдан бөлек елдің бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та саяси шарада төбе көрсетті

Орталық сайлау комиссиясы әзірге ресми нәтижені хабарлаған жоқ. Отандық арналардың бірінде өткен телемарафон барысында Exit poll нәтижесі жарияланды

 

Мұхтар Тайжан сайлау Мәжіліс сот

Новости по теме