Placeholder
Новости Казахстана22 февраля 2023, 21:37

Министрлік допингпен ұсталған ауыр атлет Игорь Сонға қатысты жауап берді

Допингпен ұсталған ауыр атлет Игорь Сон Токио олимпиада жүлдегері атанғанда оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтерден айырылмайтын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2020 жылы Токио Олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, одан Олимпиаданың қола медалі, сонымен бірге оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды, - деп жауап берді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Министрліктің хабарлауынша, WADA халықаралық ережелері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтіп келеді. 

Осыған байланысты 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, оның қорытындысы оң нәтиже берген. 

WADA стандарттарына сәйкес сынама бірнеше рет тексерілді. Нәтижесінде, WADA ережесі бойынша спортшыны 8 жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылданды. Ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады, - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 8 жыл мерзімге үлкен спорттан шеттетілген еді. 

Игорь Сон Ауыр атлетика Допинг спорт

Новости по теме