Placeholder
Новости Казахстана26 апреля 2023, 12:20

Мемлекеттік қызметке мүлде бармаймын, депутат болған ұнамайды - Құлекеев

Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған экс-министр Жақсыбек Құлекеев сұхбат беріп, айтылған деректердің шындығы туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

NEGE тілшісімен әңгіме барысында қайраткер елімізге қаңтар оқиғасы кезінде сырттан келді деген лаңкестер туралы пікір білдірген. 

Елімізге 20 мың террорист келді дегенді  ойдан тапқан жоқпын.  Ол да ақпарат құралдарында жарияланған материал. Президенттің де аузынан шықты. «Оны президентке кім айтты?» деген төңіректе айтылып жатқан әңгіме көп. Осы туралы Алматы қаласының сол кездегі әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВПЕН де сөйлестім. Аппарат жетекшісі, тергеу, құқық қорғау саласында тәжірибесі бар Талғат СӘРСЕНБАЕВПЕН де ұзақ уақыт әңгімелесіп, біраз дерек алдым. Алматыда ситуациялы бөлмеде отырған азаматтар дронды ұшырып, жағдайдың бәрін бақылап отырған. Солар «қалаға төрт жақтан қаптаған көліктермен адамдар келді. "Санын білмейміз, 20 мың, тіпті одан да көп болуы мүмкін. Бәрінің мойнында қару-жарақ, Сирияда жүрген содырлар сияқты» дейді. Олар да ойдан емес, бәрін дроннан қарап отыр ғой. Яғни, дронмен түсірілген соң адамдардың бет-әлпеті анық көрінеді. Мұны көпшілікті қорқытпас үшін және тергеуге кесірі тимесін деп еш жерге жарияламауы мүмкін", - дейді Жақсыбек Құлекеев сұхбатында

Ол Алматыға 20 мың содырдың келуі мүмкін екенін атаған.

Оның бәрі шетелден ұшып келген жоқ қой. Елдің ішінде оларды дайындаған адамдар бар шығар, кім білсін? Екінші, Алматы қаласының Ішкі істер департаментінде атыс болған. Оларға келіссөзге мұздай қаруланған террористер келген. Сонда олар «Бір сағат уақыт береміз. Өмірлеріңе қауіп төнбейді. Мына жерден ештеңеге тимей, кетіп қаласыңдар» депті. Сөйтіп, сыртқа шыққан адам департамент басшысына барып «Қаруланған адамдар осындай талап қойып отыр» деп айтады, - деді Ж.Құлекеев. 

Ол өзін қайтадан саясатқа оралуы мүмкін бе деген сауалға да жауап берген. Билікте жүріп сотталған Құлекеев мемлекеттік қызметке баратын ойы жоғын атаған. 

Мен мемлекеттік қызметке мүлде бармаймын. Бұған дейін бірнеше рет шақырғысы келгендер болды. Тіпті, парламент мәжілісіне депутаттыққа кандидат ретінде партия атынан тізімге енуге ұсыныс айтты. Маған мұндай қызметтер ұнамайды. Бұл көңіл қалғаннан емес. Өзімнің сүйіп істейтінім – ғылыми жұмыс. Зерттеу жүргізіп, кітап, мақала жазғанды жақсы көремін. Менің біліміме, қабілетіме деген сұраныс өте жоғары. Маған зерттеу жүргізгенім үшін аямай ақша төлейді, - дейді қайраткер. 

Сонымен қатар, іс болғаннан кейін жазасын өтеп жүріп көп кітап оқығанын айтады. Әрі түрме басшылығы оған кітап пен газет оқуға ешқандай шектеу қоймаған көрінеді. 

Түрмеде 555 күн отырдым. Күніне бір кітап оқитынмын. Сағатына орташа есеппен 100 бет оқимын. Сонда 500 бетті бес сағатта оқып тастаймын. Сосын маған газет-журнал алуға ешқандай шектеу қойған жоқ. Маған жасаған ерекше бір ғана жағдай болды. «Жарығы көптеу лампаны өзім сатып алайын, сіздер соны қоюға рұқсат берсеңіздер» деп едім, соған ғана қарсы болған жоқ. Сондықтан менің түнде де кітап оқуыма мүмкіндік болды, - дейді Ж.Құлекеев. 

Оқи отырыңыздар: 

Жақсыбек Құлекеев өткен жылы "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" атты деректі кітапты жарыққа шығарды. Онда қаралы оқиға туралы жан-жақты айта келе, оқиғаға кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін БАҚ беттерінде жарияланған деректерге сүйене отырып мысалға келтіреді. Оның ішінде еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері туралы бірнеше дерек келтірілген. Сондай-ақ, Алматыдағы қаралы оқиға кезінде экс-президенттің отбасы мүшелерінің қалай қашқаны туралы да айтылады. 

 

Жақсыбек Құлекеев Қаңтар оқиғасы Шындық

Новости по теме