Placeholder
Новости Казахстана1 февраля 2023, 5:00

Мәсімов тоқсаныншы жылдары Гонконгте Н.Назарбаевтың атына есеп-шот ашқан болуы мүмкін - Жақсыбек Құлекеев

Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған Жақсыбек Құлекеев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын адамдар туралы көптеген деректерді оқырманға ұсынған. Оның ішінде Кәрім Мәсімов туралы аз-кем айта келе, тауда арнайы дайындықтан өткен радикалдық топтардың Арқанкерген оқиғасына қатысы болу ықтималдығын атаған, деп хабарлайды Arbat.media.

Белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында Кәрім Мәсімовтің ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болғандарды мысалға келтіреді. Оның бір кездері Гонконг банктерінде Назарбаевқа есеп-шот ашуға қатысы болуы мүмкін екенін де жазған. 

Кәрім Мәсімов 20 жылдан астам уақыт бойы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды. Ол Н.Назарбаевтың тұсында екі рет премьер-министр болып тағайындалды. Оған дейін көлік және коммуникация министрі, Президент әкімшілігінің басшысы қызметтін атқарды. 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізгінін ұстады. К.Мәсімовтің мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы да қызық. Ол 1990 жылдардың басында қытайтанушы ретінде Пекин мен Гонконгта Қазақстанның коммерциялық мүддесін қорғаумен айналысқан. К.Мәсімов осы кезде Гонконг банктеріне Н.Назарбаевтың атына есеп-шот ашып, ақша аударуға қатысқан болуы мүмкін, - деп жазды Жақсыбек Құлекеев. 

Қаңтар оқиғасы кезінде "20 мың террорист" деген мәлімдеме туралы тарқата келе, шын мәнінде арнайы дайындалған радикалды топ мүшелерінің де митингке қатысқаны кітапта жазылған. Тіпті олардың 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде әскерилерді өлтіруге қатысы болуы мүмкін екеніне автор ерекше тоқталады. 

20 мың деп мәлімделген сан тым күмәнді, бірақ лаңкестер болды. Ары кетсе - 200-300 адам. Төңкеріске басты себеп болған олар емес, олар тек қалыптасқан тұрақсыздықты ушықтыру үшін пайдаланылған сияқты. Сырттан келген күш деп айту да орынсыз секілді. Себебі, 30 жылдың ішінде Қазақстанның өзінің радикалды топтары «тәрбиеленіп шықты. Тауда қарулы жасақ дайындалатын лагерь көрдік деген әңгімелер бұрын да талай рет болған. Әсіресе, Алматы тауында қорықшыны өлтіру, Арқанкерген  қырғыны сияқты оқиғаларға байланысты. Алматыдағы бүлікке де сондай топтардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, - дейді Ж.Құлекеев.

Сондай-ақ, Жақсыбек Құлекеев елімізде қарулы бүлікшілер - Н.Назарбаевтың тұсында қанат жайған ұйымдасқан  қылмыстық топтардың мүшелері екенін айтады. 

Оқи отырыңыздар: 

Олар бұрынғы президент пен оның айналасындағыларды биліктер шеттетуге мүмкіндік бермеу үшін жіберілген болуы мүмкін. Бұл теория Н.Назарбаевтың інісі Болат пен немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбішті (Н.Назарбаевтың марқұм інісі Сатыбалдының баласы) қарулы топтардың құрылуымен байланыстырады, - деп жазылған кітапта.  

Arbat.media бұған дейін "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін" кітабында айтылған бірқатар деректер туралы мақала жазды. Кітапта келтірілген дерек бойынша қаңтар оқиғасынан бұрын Назарбаевтың інілері Болат Назарбаев, Қайрат Сатыбалды және Самат Әбіш "Шапырашты операциясын" бастау туралы шешімге келген. Оқиға кезінде экс-президенттің Алматыдағы отбасы мүшелерінің қалай қашқаны да деректі кітапта кеңінен айтылған. Сонымен бірге, автор оқиға кезінде халық арасында салафиттік топтардың да болғанын тілге тиек етеді.

 

Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев Жақсыбек Құлекеев Қаңтар оқиғасы

Новости по теме