Новости Казахстана2 мая 2023, 5:42

Маңғыстау облысында кен орнындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы "Жетібаймұнайгаз" кен орнында жазатайым оқиға тіркеліп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.  

Алдын ала белгілі болған деректер бойынша "Жетібаймұнайгаз" ӨБ № 5613/28 ұңғымасында "Великая Стена" БК ЖШС (ХДЕС-56 бригадасы) монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, газбен дәнекерлеуші оқиға орнында қайтыс болды.

Сонымен бірге, бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келіп, жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Великая Стена" БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда, - деп жазылған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ таратқан мәліметте. 

Аталған жазатайым оқиғаны тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алып, тергеу белгіленген мерзімде жүргізілетін болады. Сонымен қатар, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланатыны мәлім болды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу үстінде. 

Жетібаймұнайгаз Жарылыс өлім

Новости по теме