Placeholder
Новости Казахстана29 июня 2023, 18:35

"Күйеуім үшін бәріне дайынмын". Қамауға алынған Төреғалидың әйелі мәлімдеме жасады

Таяуда ғана Алматыда есірткі тұтынған күйде полициядан көлікпен қашқан әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы мәсегеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Әншінің жұбайы жан сырын әлеуметтік желіде ақтарып, даулы мәселеге қатысты жазба жариялаған. Өрескел түрде тәртіп бұзған өнер иесінің келіншегі ойындағысын желідегі оқырмандарына жеткізді. 

"Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін" деген сөздер, менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындармай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар?, - деп жаздыТолқын Тұрарбекқызы.

Әншінің жұбайы бұл күндерді отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті деп жеткізді. 

Себебі жарымды одан да қатты бағалауды үйрендім. Адамдар қанағат дегенді білмейміз. Тіпті, жарымның дауысын естіп жүруім – ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін. Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас, - деп жазды Төреғалидің жұбайы. 

Осыдан екі апта бұрын есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, Алматы көшелерінде полициядан қашқан Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол өзінің өрескел әрекеті үшін көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен бірге, 20 күнге қамауға алынса, кейін оған тағы 3 күн қосылды. 

Әншінің күштік құрылым өкілдерімен ұсталуынан кейін оған әлеуметтік желіде әріптестері қолдау көрсетті. Мәселен, Тоқтар Серіков жазба жариялав, "Еркелігіңді көтеретін елің қалмапты" деген болатын.  

Төреғали Төреәлі Әнші Қамау

Новости по теме