Placeholder
Новости Казахстана25 апреля 2023, 22:29

Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қомақты сыйақы бермек

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентте өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атанған атлеттерге өз қаражаты есебінен 100 мың АҚШ долларын береді, деп хабарлайды Arbat.media

Боксшыларды ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатым есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ долларынан қарастырылған. Боксшыларға айтар басты тілегім – есімдеріңізді тарихта қалдырыңыздар. Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болатынын ұмытпаңыздар, - деді Кеңес Раақышев. 

 Федерация басшысы отандастарымызды боксшыларды қолдауға шақырды.  

2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеген болатын. Биыл Халықаралық бокс федерациясы әлем біріншілігінде жүлде алған спортшыларға ақшалай қомақты сыйлық беретінін хабарлады. Мамыр айының басында Ташкентте басталатын әлем чемпионатына АҚШ пен Еуропа елдерінің бірқатар құрамалары қатыспайтынын алдын ала мәлімдеді. Себебі, ІВА бұл сынға Ресей құрамасына қатысуға рұқсат беріп отыр. Сонымен бірге, аталған жарыста сынға түсетін Қазақстан спортшыларының тізімі жария болды

 

бокс Сыйақы Кеңес Рақышев

Новости по теме