Новости Казахстана29 марта 2023, 22:56

Каспий теңізіндегі итбалықтарының саны 300 мыңнан асты

Биыл Каспий теңізінде мекен ететін итбалықтың саны шамамен 300 мыңнан асты, деп хабарлайды Arbat.media. 

2023 жылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты деңгейде. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Мәншүк Темешева айтып өтті. 

Қазіргі уақытта жойылудың алдында тұрған Каспий итбалықтарын сақтап қалу аса маңызды. Сондықтан, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жыл сайын итбалықтардың күшіктеу орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндай бақылау жұмыстары мұзжарғыш кемелер мен тікұшақ арқылы іске асып жатыр. Биыл Каспий итбалықтарының күшіктеуі қаңтар айының аяғында Құлалы аралының солтүстік батыс аймағында басталған.

Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында мемлекеттік табиғи резерват құру қолға алынды. 2023 жылдың маусым айына дейін техникалық экономикалық негіздеме жасалып, 2024 жылдың аяғына дейін арнайы мемлекеттік табиғи резерват құрылатын болады, - деді Мәншүк Темешева. 

Жалпы, 2019 жылдан бері қырықтан астам Каспий итбалығына көмек көрсетілген көрінеді.

Бүгінде өңірімізде сүтқоректі аңдарды сақтау үшін бірнеше іс-шаралар атқарылып келе жатыр. «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту» орталығы Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясымен бірге сүтқоректі аңды сақтап қалу мақсатында жарақаттанған итбалықтарды емдеп, Каспий теңізіне қайтадан жібердік. Сондай-ақ, облыс тұрғындары мен қонақтары жараланған немесе өлі итбалықтарды көрген жағдайда, біздің орталықтың әлеуметтік желілеріне жазып, хабардар етсе, жойылудың алдында тұрған аңды сақтап қалуға ат салысқан болар еді, - «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту» орталығының инженер-технигі Бегалы Семирханов

Бұған дейін Каспий теңізінде итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді. Ақпан айында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген рейд барысында 172 итбалықтың өлі өлексесі табылған болатын. 

Каспий Итбалық Маңғыстау облысы Қоғам

Новости по теме