Placeholder
Новости Казахстана17 марта 2023, 16:59

Илья Ильин өтпеді. Бұрынғы бас прокурордың ұлы ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды

Еліміздің ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков алдағы төрт жылға қайта сайланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Федерациясының жаңа басшылығына үміткер ретінде әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин де түскен еді.  Онымен бірге белгілі спорт жаңашыры Гаджи Гадиев те үміткен атанған. Алайда дауыс беру нәтижесінде федерацияның бұрынғы басшысы Жанат Түсіпбеков қайта сайланды.

Дауыс беруге федерация өкілдері, құрама командалардың бас бапкерлері, мемлекеттік жаттықтырушы, аймақтардағы федерациялардың жетекшілері бастаған 27 адам қатысқан. 

Жанат Рашидұлы Түсіпбеков Қарағанды облысының тумасы. Әкесі Рашид Түсіпбеков кезінде еліміздің бас прокуроры лауазымына екі рет тағайындалған. Кейін әділет министрі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарып, 2015 жылы Сенат депутаты болды. Жанат Түсіпбеков бірнеше жыл бойы ол "ҚазМұнайГаз» Сауда үйі" АҚ атқарушы директоры, бас директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры қызметтерінде болды.  2013 жылдан бері Ауыр атлетика федерациясына жетекшілік етіп келеді. 

Бұған дейін танымал ауыр атлет Илья Ильин федерация президенттіген түсетінін мәлімдеп, әріптестерінен өзін қолдауды сұраған болатын. Алайда дауыс беру кезінде барлық делегат Жанат Түсіпбековті қолдаған. 

 

Жанат Түсіпбеков Илья Ильин Ауыр атлетика Федерация

Новости по теме