Placeholder
ҚР теннис федерациясы
Новости Казахстана1 июня 2023, 21:33

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Теннистен Францияның ашық течпионатында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда Чехия өкілі Линда Носковадан (WTA рейтингінде 50-ші) басым түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ойын 6:3, 6:3 есебімен аяқталып, матчтың жалпы ұзақтығы 1 сағат 28 минутқа созылды.  Отандасымыз енді жарыстың үшінші айналымында испаниялық Елена Сара Соррибес-Тормо мен Петра Мартич (Хорватия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да екінші айналымда жеңіске жетіп, Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналыма шыққан болатын. 

Елена Рыбакина Ролан Гаррос Теннис

Новости по теме