Новости Казахстана12 апреля 2023, 22:50

Депутат донорларға мемлекеттен төлем төлеуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Гүлдары Нұрымова туыс емес донорлыққа және орган трансплантациясына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілуі қажет деп санайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Депутаттың айтуынша, былтыр 320 адам қайтыс болуына байланысты "күту парағынан" шығып қалған.

Заңнамада қайтыс болған адамдардың органдарын алуға келісім презумпциясы нақты айқындалмағандықтан, мәйіттік донорлық қазір дамымай жатыр. Тек туысқан донорлардың органдары алынады. Бұл саланың тоқырауының негізгі себебі – қайтыс болған және туыс емес донорлардың органдарының жетіспеушілігі, - дейді  Гүлдара Нұрымова өзінің депутаттық сауалында. 

Депутат донорлыққа мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілуі қажеттілігі жайлы айтып кетті.

Туыс емес донорлардың органын алу үшін қазақстандықтар шетелдік клиникаларға баруға мәжбүр. Мысалы, Беларусьте жүрек ауыстыру құны 150 мың доллар, бауыр 140 мың доллар, ал бүйрек 50 мың доллар тұрады, – деді депутат.

Депутат шетелдегі сатылатын бүйрек бағасы жайлы айтып кетті.

Иран мен Пәкістанда бүйрек сату заңды және реттелген, орташа бағасы 5-6 мың доллар. Орган сату туралы бейресми хабарламаларды Қазақстанда да кездестіруге болады. Онда неге шет елдердің бүйрек сату мен сатып алу тәжірибесін зерттеп, бұл процесті бізде де реттемеске?, - дейді  Гүлдара Нұрымова.

донор бүйрек депутат күту парағы

Новости по теме